01.09.2016, 14:03 3611

Қазақстанда "Назар аударыӊыз, бағдаршам!" онкүндігі басталды

ҚР ДСИДМ травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтыныӊ мәліметінше, жыл сайын республикада жол-көлік апаттары салдарынан 3 мыӊға жуық адам қайтыс болып, 25 мыӊдай адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттанулар алады, сонымен бірге, орта есеппен 1 мыӊ адам мүгедекке шалдығады.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанда жолдағы жарақаттану мен өлім-жітімніӊ көрсеткішін төмендету мақсатында ҚР ДСИДМ салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығыныӊ ұйымдастыруымен жол-көлік жарақаттануларыныӊ алдын алудыӊ жыл сайынғы "Назар аударыӊыз, бағдаршам!" онкүндігі басталды.

Онкүндік аясында республиканыӊ барлық аймақтарында жол жүру ережелері туралы білім деӊгейін көтеруге, дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсету қағидалары туралы, өзін-өзі сақтау мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған барлық мүдделі тараптардыӊ қатысуымен дөӊгелек столдар, дебаттар, баспасөз конференциялары, семинар-тренингтер сияқты іс-шаралар өткізіледі.

ҚР ДСИДМ травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтыныӊ мәліметінше, жыл сайын республикада жол-көлік апаттары салдарынан (әрі қарай - ЖКА) 3 мыӊға жуық адам қайтыс болып, 25 мыӊдай адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттанулар алады, сонымен бірге, орта есеппен 1 мыӊ адам мүгедекке шалдығады. ЖКА-дан болатын өлім сыртқы себеп-салдардан болатын өлім көрсеткішініӊ 20%-ын құрайды, оныӊ ішінде 76,5%-ы оқиға орнында немесе тасымалдау кезінде қайтыс болады. 2015 жылы ЖКА нәтижесіндегі жарақаттанудан болатын өлім 19%-ға, мүгедектік 20%-ға төмендеді.

ЖКА-дан зардап шеккен азаматтарға уақытылы медициналық көмек көрсету үшін республикалық маӊызы бар автожолдарда медициналық-құтқару пункттері құрылды.

Қазақстанда мүгедектік пен өлім жағдайларыныӊ орын алмауы мақсатында жарақаттану кезіндегі медициналық көмек көрсетудіӊ біріктірілген үлгісі енгізілуде. Ол халықты әлеуметтік қолдау, оӊалту, диспансерлік бақылау, емдеу мен алдын алу кешенді шараларын қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны