23.01.2009, 17:26 3204

Қырғызстан президенті бірінші вице-премьер-министр мен басқа да жоғары лауазымды шенеуніктерді қызметтен босатты (толық нұсқасы)

Қырғызстан президенті бірінші вице-премьер-министр мен басқа да жоғары лауазымды шенеуніктерді қызметтен босатты (толық нұсқасы)

Бішкек. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті бірінші вице-премьер-министр мен басқа да жоғары лауазымды шенеуніктерді қызметтен босатты, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін таңертең президент өз жарлығымен бірінші вице-премьер-министр Искендербек Айдаралиевті қызметтен босатты.

Бұдан басқа, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Досалы Эсеналиев, осы әкімшіліктің тағы екі қызметкері - мемлекеттік басқару саясаты және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Каныбек Жороев пен ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Ислан Рыскулов лауазымдарынан босталды.

Сондай-ақ, Қырғызстан үкіметі аппаратының жетекшісі - министр Мурат Исмаилов, білім және ғылым министрі Ишенкуль Болджурова, ауылшаруашылығы, су шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрі Арстанбек Ногоев, чу облысының губернаторы Кубанычбек Сыйданов, Ош қаласының мэрі Жумадыл Исаков, Бішкек қаласының Ленин ауданының әкімі Марс Саккараев, Сокулук ауданының әкімі Болоткан Кумаров, Созақ ауданының әкімі Жусупбек Максуталиевтер жұмысынан шығарылды.

Сондай-ақ, Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қ. Бакиев өз жарлықтарымен Қырғызстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі Нурлан Айтмурзаевты, Қытайдағы елші - Кадырбек Сарбаевты, Стамбулдағы бас консул Руслан Қазақбаевты жұмыстан босатты. Аталған адамдардың бәрі де "басқа жұмысқа ауысқан".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны