28.04.2017, 18:49 5618

Қызылордада қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша отырыс өтті

Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардыӊ қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қызылорда облысы әкімдігініӊ жанындағы консультациялық-кеӊесші органныӊ отырысы өтті.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 26 сәуір күні Қызылорда облысы әкімініӊ орынбасары Қ.Д.Ысқақовтыӊ төрағалығымен Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардыӊ қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қызылорда облысы әкімдігініӊ жанындағы консультациялық-кеӊесші органныӊ отырысы өтті.

Отырыстыӊ күн тәртібінде облыстағы қылмыстылық ахуалы, жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен пробация қызметініӊ есебіндегілер бойынша атқарылған жұмыстар, қаладағы "Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оӊалту орталығыныӊ" қызмет көрсету тиімділігін арттыру, сонымен қатар, консультациялық-кеӊесші органдардыӊ құрамына жастар ұйымдарыныӊ, азаматтық қоғам өкілдерін енгізу мәселелері қаралды.

Қаралған мәселелердіӊ қорытындысы бойынша әлеуметтендіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны