15.05.2017, 12:05 4319

Қызылордада Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерініӊ ХІХ облыстық байқауы өтті

Байқауға Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаӊақорған аудандарында өткен байқаулардыӊ жеӊімпаздары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 17-35 жас аралығындағы 16 талапкер қатысты.

Қызылорда. 15 мамыр. Kazakhstan Today - И.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Медиа-Пресс" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен "Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру" әлеуметтік жобасы аясында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерініӊ ХІХ облыстық байқауы өтті.

Байқаудыӊ мақсаты - мемлекеттік тілдіӊ қолданыс аясын кеӊейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру және талантты жастарды табу.

Байқауға Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаӊақорған аудандарында өткен байқаулардыӊ жеӊімпаздары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 17-35 жас аралығындағы 16 талапкер қатысты.

Талапкерлер байқауда Оралхан Бөкейдіӊ шығармашылығымен қоса, басқа да қазақтыӊ белгілі ақын-жазушыларыныӊ кез-келген көркем және драмалық шығармаларынан үзінді оқыды.

Талапкерлердіӊ өнерін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасыныӊ доценті, филология ғылымдарыныӊ кандидаты Айтбаева Айман Ералықызы басқарған қазылар алқасы бағалады.

Байқаудыӊ сарапшылары үміткерлердіӊ өнерін бағалау кезінде олардыӊ көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таӊдау талғамына, сахналық және оқу шеберлігіне, сондай-ақ, сахналық киім мәдениетіне баса назар аударды.Байқау қорытындысы бойынша Қазалы ауданы, Кәукей ауылыныӊ тұрғыны Насыр Айсұлу І орынды жеӊіп алса, Арал ауданындағы №13 орта мектептіӊ география пәнініӊ мұғалімі Қыстаубаев Алтынбек ІІ орынды, Жаӊақорған ауданындағы №1 "Кәмшат" балабақшасыныӊ әдіскер-психологы Кекілбаева Айдын ІІІ орынды жеӊіп алды.

Қызылорда медициналық жоғары колледжініӊ студенті - Төлебаев Ердос, "Болашақ" университетініӊ студенті - Тоқтанова Қымбат, И. Ибдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжініӊ студенті - Садықова Назгүл ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Байқау жеӊімпаздары басқарманыӊ дипломдарымен және ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны