19.05.2022, 15:20 24111

Маңғыстау облысында өлі итбалықтар тағы табылды

Форт-Шевченко орталық жағалауынан өлі итбалықтар табылды.
Маңғыстау облысында өлі итбалықтар тағы табылды
Сурет: lada.kz
АҚТАУ. 19 МАМЫР - Форт-Шевченко орталық жағалауынан өлі итбалықтар табылды.
 
Жергілікті тұрғын Ғалияның айтуынша, 18 мамырда Форт-Шевченко жағалауында баламен серуендеп жүрген кезде 2 өлі итбалықты байқаған, деп хабарлайды lada.kz.
 

Әрі қарай жүрсек, тағы да өлі итбалықтар болуы мүмкін, өйткені алыстан құстар бірдеңе шұқып жатқанын көрдім", - дейді Ғалия.

 
Түпқараған аудандық әкімдігінің қызметкері қазір өлі итбалықтарды жинау және өлім себептерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
 
Еске салайық, бұл Каспийдегі итбалықтар қырылып жатқан алғашқы жағдай емес. Бұған дейін мамандар Форт-Шевченко теңіз порты аумағынан 64 итбалық тапқан болатын.
 
26 сәуірден бері Каспий жағалауында өлі итбалықтар табылып жатыр.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны