17.11.2022, 18:47 28586

McDonald's Қазақстандағы мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатты

McDonald's Қазақстандағы мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатты
Сурет: mcdonalds.kz
Астана. 17 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстандағы McDonald's (Food Solutions KZ ЖШС) жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты 2022 жыл,18 қарашадан бастап өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
 

Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланады", - делінген компанияның сайтында.

 
Қазақстанның келесі қалаларында: Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды компанияның 24 мейрамханасы бар және олардың ішінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны