21.03.2023, 15:35 34746

Мемлекет басшысына Наурыз атты тазы күшік сыйға тартылды

Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтты

Астана. 21 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Президент тазы иттердің көрмесін тамашалады. "Nomad" ұлттық саятшылық" қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтты.
 

Құмай тазы - ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық, кәсіби көзқарас қажет. Сол үшін арнайы заң қабылдадық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Асыл тұқымды ит өсіруші Анна Захарова Президентке тазы күшігін сыйға тартты. Наурыз атты күшік бір жарым айлық.
 
Жыл басында Қазақстан Президенті қазақтың ит тұқымдарын сақтау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны