12.05.2026, 12:06 471

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды
Сурет: Depositphotos
Соңғы уақытта өзін Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, салық төлеушілерге телефон арқылы хабарласатын белгісіз тұлғалардың азаматтарды жаңылыстыру фактілері тіркелуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.

Алаяқтар қызмет түрін шұғыл түрде растау, тіркеу деректерін жаңарту немесе мобильді қосымша арқылы міндетті растаудан өту қажет екенін айтып, азаматтарды түрлі қосымшаларды жүктеуге, күмәнді сілтемелерге өтуге, авторизациядан өтуге, SMS-кодтарды, ЭЦҚ деректерін немесе өзге де жеке мәліметтерді енгізуге көндіреді.

Мысалы, алаяқтар қызметті "әр екі жыл сайын растау қажет" деген желеумен e-Salyq mobile немесе басқа қосымшаларды жүктеуді талап етіп, орындалмаған жағдайда қызметтің тоқтатылатынын айтуы мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және алаяқтық схема болып табылады.

Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай мазмұндағы қоңыраулар шалмайды, сондай-ақ телефон арқылы мобильді қосымшаларды жүктеуді, растау кодтарын, банк картасының деректерін, ЭЦҚ кілттерін, парольдерді беруді немесе бөгде сілтемелерге өтуді талап етпейді.

Азаматтарды сақ болуға шақырамыз:

  • белгісіз тұлғалардың телефон арқылы берген нұсқауларын орындамаңыз;
  • SMS-кодтарды, парольдерді және ЭЦҚ деректерін ешкімге бермеңіз;
  • ақпаратты тек МКК-ның ресми ақпарат көздері арқылы тексеріңіз.

Осындай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатуды ұсынамыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны