04.05.2019, 22:25 9469

Нұр-Сұлтан қаласы прокурорлары "Төленді" ТҚК-нің 700 үлескерінің құқықтарын қорғады

Прокурордың мемлекеттік айыптауын тиісінше қолдау нәтижесінде сотталушылардың кінәсі дәлелденді, сот 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Нұр-Сұлтан. 4 мамыр. Kazakhstan Today -Қала прокуратурасы "Төленді" ТҚК құрылыс салушыларына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. А. С. Байжұманов, Н. Н. Анарқұлов және басқа да 7 адам 2012-2016 жылдары 700 үлескердің 7 млрд.теңгеден астам ақшалай салымдарын "Аниса 1,2,3", "Көктал-2", "Абат" және "Абайдың 150 жылдығы"ТК құрылысы кезінде ұрлағаны үшін айыпталды.

Пайшылардың ақшалай қаражаты сотталғандарға жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Байжұманов ТҚК төрағасы бола отырып, өз туысқандары мен таныстарының пәтерлерін және тұрақ орындарын ақысыз заңсыз ресімдеген, ол туралы сотта жәбірленушілердің өздері де мәлімдеген.

Сот талқылауы бір жыл бойы жалғасты. Сотта 500-ден астам жәбірленушіден жауап алынды.

Прокурордың мемлекеттік айыптауын тиісінше қолдау нәтижесінде сотталушылардың кінәсі дәлелденді, сот 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қылмыстық жолмен алынған барлық мүлікке жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында тиым салынды.

Үкім заңды күшіне енді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны