06.10.2021, 11:55 57038

Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарында ҚАЖД жаңа бастықтары тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы болып осыған дейін аталған департамент бастығының орынбасары қызметін атқарған әділет полковнигі Рахымбеков Дәулет Боранбекұлы тағайындалды.
НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚАЗАН - Нұр-Сұлтан қ., Шымкент қ., Алматы және Жамбыл облыстарында қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен аумақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары тағайындалды:
 
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы болып осыған дейін аталған департамент бастығының орынбасары қызметін атқарған әділет полковнигі Рахымбеков Дәулет Боранбекұлы тағайындалды. Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет атқарады. ІІО қызметін Ақмола облысы ІІБ Целиногад ауданының ішкі істер бөлімінің учаскелік милиция инспекторы болып бастаған. 
 
Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы лауазымына әділет полковнигі Жәнібеков Теңізжан Нұрмаханұлы тағайындалды. ҚР Ішкі істер органдарында 1995 жылдан, ОҚО әл-Фараби аудандық ІІБ бөлімшесінде тергеушінің көмекшісі болып бастаған. Пенитенциарлық жүйеде 2002 жылдан бастап қызмет етеді. Соңғы атқарған лауазымы - ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 
 
Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы осыған дейін ҚАЖ комитетінің Жедел басқармасының бастығы қызметін атқарған әділет полковнигі Игілік Шәріпұлы Хасенов болды. 1998 жылдан бастап республиканың пенитенциарлық жүйесі қатарында қызмет етеді. Нұр-Сұлтан қаласы, СҚО және Ақмола облыстарының қылмыстық-атқару жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 
 
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы болып әділет полковнигі Нияз Қанатұлы Рыспаев тағайындалды. ҚАЖ-да қызметін жасақ бастығынан бастады, түрлі деңгейдегі, соның ішінде басшылық лауазымдарды атқарды. Осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.
 

Жаңадан тағайындалған бастықтар бұрын ҚАЖ комитетінің орталық аппаратында және оның аумақтық бөлімшелерінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді, пенитенциарлық жүйеде көп жылдық тәжірибесі бар", - деп атап өтті ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны