30.03.2022, 16:13 16586

Нұр-Сұлтанда ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы колледж студенттері үшін күндізгі сабақтар тоқтатылды

Сабақтар қашықтық форматта өтеді.
НҰР-СҰЛТАН. 30 НАУРЫЗ - Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты колледждердің бірінші ауысымындағы студенттер үшін сабақтар қашықтықтан өтеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала колледждерінің БІРІНШІ ауысымындағы студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы.

 
ТЖД мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, екпінді жел, нашар көріну, көктайғақ) республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың барлық 6 учаскесі жабылды. Барлық бағыттар бойынша азаматтар мен автокөліктерді эвакуациялауды жүзеге асыратын жоғары өтімді техника (Кунг, Трэкол) шықты. Жол полициясымен бірлесе отырып, көліктердің өтуіне жол бермеу үшін бекеттер орнатылды.
 
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шықпауға, қырағы болуға, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес беріледі.
 
Бұған дейін хабарланғандай, ауа-райына байланысты ТЖМ жедел штабы құрылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны