24.06.2021, 23:58 18217

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН. 24 МАУСЫМ - ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 22 маусымдағы хаттамасының негізінде елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т.б. ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
 
Қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, кинотеатрларға, бильярдқа, караокеге, кинорумдарға, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотерея ұтыс ойыны, балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), оның ішінде мұзды және роликті сырғанақтарға бармау; "Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді "Ashyq" мобильді қосымшасын пайдалану қажет.
 
Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау керек.
 
Міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын адамдар тобымен ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беріледі.
 
Кеңестерді, отырыстарды күндізгі режимде өткізуге, оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігінің болмауы негізделген жағдайда ғана №68 ҚР БМСДҚ-ның қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып рұқсат беріледі.
 
Осы қаулы 2021 жылғы 27 маусымда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
 
Қаулының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.
 
23 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 413 267 жағдайы расталды. Өткен тәулікте 1 496 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, оның ішінде Нұр-Сұлтанда - 568.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны