Система Orphus

ҚНРДА несиелік рақымшылық туралы ақпаратты жалған деп атады

24.05.2022, 17:17 28246
ҚНРДА несиелік рақымшылық туралы ақпаратты жалған деп атады
НҰР-СҰЛТАН. 24 МАМЫР - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде несиелік рақымшылық туралы ақпаратты жалған деп атады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Әлеуметтік желілерде (TikTok, Instagram, Facebook) және мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram) "кредиттік рақымшылық" жасалды және халықтың қарыздары есептен шығарылды-мыс деген дәйексіз ақпараттың белсенді түрде таратылып жатыр. Атап айтқанда, үш жыл бұрынғы ақпараты бар 2019 жылғы бейнеролик таратылуда", - деп хабарлады ҚНРДА.

 
Агенттіктің мәліметінше, роликте Үкіметтің қаулысы айтылған, осы қаулы шеңберінде көмек 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы сәуір аралығында көрсетілді. Нәтижесінде 577,7 мың азамат үшін жалпы сомасы 120,5 млрд теңге болатын берешекті есептен шығару рәсімі жүргізілді.
 
Алайда Қаулы 2019 жылғы 13 желтоқсанда қолданысын тоқтатты және қазіргі уақытта оның заңды күші жоқ. Бұл бастама бір реттік бастама болды, деп хабарлады агенттікте.
 

Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан жалған мәліметтерге сенбеуді және ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден басшылыққа алуды сұраймыз", - деп атап өтті ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны