11.04.2008, 14:13 2633

"Нұр Отан" партиясы сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша қылмыстық іс қозғалған адамдарды өз қатарларынан шығармақшы

"Нұр Отан" партиясы сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша қылмыстық іс қозғалған адамдарды өз қатарларынан шығармақшы

Астана. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" партиясы сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша қылмыстық іс қозғалған адамдарды өз қатарларынан шығармақшы. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП -ның жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы барысында кеңес төрағасы, парламент сенатының депутаты Оралбай Ибдікәрімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз Бас прокуратурадан республика аумағындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты оқиғалар жайлы адамдардың нақты аты-жөні мен іс сипаттамасымен қоса ақпараттарды сұрап алып, оны өңдеуден кейін бақылау және шаралар қолдану үшін өңірлік филиалдарға жібердік", - деді ол.

"Жалпы алғанда 2008 жылдың 2 айында 218 адамға қатысты 332 қылмыстық іс қозғалған, оның 68-і "Нұр Отан" ХДП -ның мүшесі болып шықты. Қазір осы азаматтардың бұдан былай біздің партияда болмауына барлық шаралар қолданылып жатыр", -деді О. Ибдікәрімов.

О. Ибдікәрімов сонымен қатар, бас прокуратурамен "осындай ақпаратты ай сайын беріп отыру жөніндегі уағдаластық жасалғанын" жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны