24.04.2023, 11:42 26906

Оқу-ағарту министрлігі алтыншы сынып оқулығындағы күмәнді сілтемеге қатысты пікір білдірді

Сайт әкімшісі ұсынылмаған сайттарға бағыттайтын жаңа URL ресурсты қосып қойған
Астана. 24 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы желіде тараған 6-сыныпқа арналған "Жаратылыстану" оқулығындағы вебсайтқа ресми түсінік берді.

Әлеуметтік желі қолданушысының айтуынша, оқулықта берілген веб-сайт сілтемесі білім ресурсына емес, үлкендерге арналған (+18) сайтқа алып барады.

Аталған оқулық мемлекеттік сараптамадан өтіп, 2017 жылы орыс тілінде оқытатын мектептерде қолдануға рұқсат берілген. Осы уақытқа дейін оқулық мазмұнына қатысты шағым түскен жоқ. §33 "Жасуша әлеміне экскурсия" тапсырмасында оқушыға жасуша органоидтарының функцияларын орнату үшін анықтамалық деректер мен интернет-ресурстарды пайдалану ұсынылады. Сайт ықтимал ресурстардың бірі ретінде көрсетілген biofile.ru сайты оқулық сараптамадан өткен кезде "Биофайл" ғылыми-ақпараттық журналының веб-сайты болатын (сайттың скрині бар)", - делінген хабарламада.


Орталықтың ақпаратынша, оқулықтағы веб-ресурстар балалардың ақпаратты іздеу және талдау дағдыларын дамыту мақсатында ұсынылған.

Тексеру барысында сайттың қазіргі уақытта жұмыс істемейтіні анықталды. Бірақ, браузерден сайт атауын тергенде, іздеу тікелей күмәнді танысу сайттарына қарай бағыттайды. Мұрағат қызметі бойынша талдау нәтижесі "web.archive.org" сайттың 2011 жылдан бері бар екенін көрсетті, соңғы жылдары белсенділік күрт төмендеген. 2023 жылдың 17 ақпаны мен 9 наурызында сайт әкімшісі ұсынылмаған сайттарға бағыттайтын жаңа URL ресурсты қосып қойған (экран скрині бар)", - дейді ведомстводан.


Сондай-ақ, білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орталық құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салатынын хабарлады.

Сонымен қатар, баспалармен бірлесіп барлық оқулықтардағы веб-сайттарға тексеру жүргізіліп, педагогтар мен ата-аналарға тиісті нұсқаулық хат жасалады.

Оқу-ағарту министрлігі істің мән-жайы тексеріліп, кінәлілердің жауапқа тартылатынын мәлім етті.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны