02.06.2009, 13:37 12010

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін 2009 жылы бюджеттен 86,5 млн теңге бөлінген

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін 2009 жылы бюджеттен 86,5 млн теңге бөлінген

Алматы. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін 2009 жылы бюджеттен 86,5 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Алматы қаласы әкімдігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы әкімінің 2009 жылғы 17 наурыздағы №60-р "2009 жылдың жазғы маусымында Алматы қаласының балалары мен жасөспірімдерінің демалысын, салауатты өмірі мен еңбекке тартылуын ұйымдастыру шаралары туралы" қарарына сәйкес қала сыртындағы "Огонек", "Спутник" және мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың жазғы демалысы ұйымдастырылған.

Мектеп жандарында 1- 4 сыныптар оқушылары үшін 171 лагерь жұмыс істейді, мұнда 34 мыңнан астам оқушы демалады.

2009 жылы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін бюджеттен 86,5 млн теңге бөлінген, осылайша 2740 жетім мен тұрмысы төмен отбасылардың балалары жазғы демалыстарын ойдағыдай өткізе алады.

Алматының сыртында да лицензияға ие лагерьлер бар, бұларда биыл 12 455 бала жазғы демалыстарын өткізе алады.

Қалалық жас туристер мен натуралистер станциялары да балалар үшін жақсы шаралар ұйымдастырып отыр. Бұларда 44 мыңнан астам бала қамтылған. "Балдаурен" республикалық сауықтыру лагерінде 288 оқушы, ал Италияның "Чезанатико лагерінде 20 жетім бала демалып қайтады.

Қиын балалар, сонымен қатар отбасында дұрыс тәрбие алмағандар да жаз айларында назардан тыс қалмайды. Осындай 280 бала мектеп жанындағы лагерьде жаз айларында болады.

Үстіміздегі жылдың жаз маусымында 30 мың баланы қамтитын барлық мектептен тыс ұйымдар, 37 аула клубтары толыққанды жұмыс істейді.

Жазда мектеп жанында да түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, олар 7 мың баланы қамтиды, спорт мектептерінің қаладан тыс орналасқан спорт базаларында 10 мың 500 бала демалады.

"Алматы қаласының әкімдігі балалардың жазғы демалысына барынша жіті көңіл бөлуде. Жас жеткішектердің жаздың әр күнін әрі мәнді, әрі мазмұнды өткізулері үшін қолдан келгеннің бәрі жасалады. Жақсы демалыс жас ұрпаққа тың күш пен жаңа серпіліс беріп, жаңа оқу жылына үлкен дайындықпен келулеріне ықпал ететін болады",- деп хабарлайды әкімдік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны