09.12.2021, 19:50 186043

Ондаған алматылықтар кредиттік рақымшылық жасауды талап етіп, ҚНРДА ғимаратының жанына жиналды

Ондаған алматылықтар кредиттік рақымшылық жасауды талап етіп, ҚНРДА ғимаратының жанына жиналды
Сурет: Бейнеден кадр
АЛМАТЫ. 9 ЖЕЛТОҚСАН - Ондаған алматылықтар Көктем-3 шағын ауданындағы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) ғимаратының алдына жиналып, несие рақымшылығын талап етті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазіргі уақытта Жанболат Мамай әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қарыздардың барлық түрлері бойынша "кредиттік рақымшылық" жарияланыпты-мыс деген дәйексіз ақпарат таратуды жалғастыруда. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ж. Мамайдың бұл мәлімдемелері дәйексіз екендігін және өзінің жеке саяси мақсаттарын іске асыру үшін азаматтарды адастыратынын мәлімдейді", - деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

 
Агенттік қазіргі уақытта Қазақстанда 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде теңгемен ипотекалық қарыз, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін валюталық ипотекалық қарыз алған халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету үшін Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғастырылып жатқандығын хабарлайды.
 

Мұндай қарыз алушыларға қолдауды банктер олардың қаржылық және әлеуметтік жағдайын жан-жақты талдау негізінде жеке тәртіппен көрсетуде, оның нәтижелері бойынша банктер қарыз алушыға қажетті қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды", - делінген хабарламада.

 
Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға қолдау көрсету үшін ағымдағы жылғы қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай тәртібі енгізілгенін хабарлаймыз. Кредиттер бойынша мерзімін өткізу туындаған жағдайда, қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуі қажет, онда олардың өтініші қаралып, проблемалық берешекті қайта құрылымдау талаптары ұсынылады, деп атап өтті ҚНРДА.
 

Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан дәйексіз мәліметтерге сенбеуді және ресми әрі тексерілген дереккөздерінен ғана алынған ақпаратты басшылыққа алуды сұраймыз", - деп атап өтті ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны