11.01.2007, 16:02 3134

Оңтүстік Қазақстан облысында 2006 жылы 255 бала асырап алынды

ШЫМКЕНТ. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында 2006 жылы 255 бала асырап алынды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру департаментінің қосымша білім беру және тәрбие жұмысын жетілдіру бөлімінің бастығы Жанат Омарова хабарлады.

"Бізде көбінесе бөбектер үйінің кішкентай балаларын асырап алады. Балалар үйіндегі алты жастан асқан балаларды асырап алу өте сирек",- деді Ж. Омарова.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, асырап алынған балалардың ішіндегі 15 баланы шетел азаматтары асырап алған (2005 жылы - 25). "Идетте, бұлар - өте ауыр диагноз қойылған ауру балалар. Біздің азаматтар оларды асырап алудан қорқады. Мүмкін, өздерінің оларды емдеп жазып алуға мүмкіндіктері жоқ деп санайтын шығар. Ал, шетелдік азаматтар диагнозбен танысқаннан кейін өз дәрігерлеріне телефон шалып, емдеуге болатындығын білсе, баланы бірден алады",- деді Ж. Омарова.

Оның сөзіне сүйенсек, шетелдіктер асырап алған балалар арасындағы ең көп тараған диагноз - орталық жүйке жүйесінің кемістігі,балалардың сал болып қалуы, көз жанары кемістігі секілді дене кемістіктері.

Ж. Омарова облыста патронаттық қозғалыстың да дамып келе жатқанын айтып өтті. "Қазіргі уақытта 620 бала патронаттық тәрбиеге келісім жасаған отбасыларында тұрып жатыр",- деп хабарлады ол.

Оңтүстік Қазақстан облысының балалар үйлерінде барлығы 625 бала тұрады. Қамқорлыққа алу органдарында 2472 бала есепке алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны