04.10.2007, 12:59 2620

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетін жұқтырған балалардың 30 пайызы індетті донорлық қан арқылы жұқтырған - CDC

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетін жұқтырған балалардың 30 пайызы індетті донорлық қан арқылы жұқтырған - CDC

Шымкент. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - CDC Орта Азиялық кеңсесінің алдын ала берген мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетін жұқтырған балалардың 30 пайызы індетті донорлық қан арқылы жұқтырған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі күнде індетті жұқтырған балалардың 30-ға жуық пайызы індетті қан құю арқылы жұқтырғандығын нақты айтуға болады",- деп хабарлады CDC Орта Азиялық кеңсесінің директоры Михаил Фаворов сәрсенбіде өткен баспасөз мәслихатында. "Бір мөлшерлі қан бірнеше бөлікке бөлінген, бірақ бір донордың қысқа мерзім ішінде, тіптен бірнеше күн ішінде бірнеше рет қан тапсырғандығын, және де індетті бірнеше баланың жұқтырғандығын да жоққа шығаруға болмайды",- деп түсіндірді.

М. Фаворовтың айтуынша, "індетті қан арқылы жұқтырған балалар емдеу орнында жатып одан әрі басқаларға жұқтырған".

CDC Орта Азиялық кеңсесі директорының пайымдауынша, індетті жұқтырудың тағы бір факторы баланың емділу орнында ұзақ жатуы. "Бала неғұрлым көп жатса, ол соғұрлым медициналық құралдармен көп қатынасқа түседі. Мөлшердің де өте маңызды рөл атқаратындығын ескеру қажет. Егер балаға тері астына аз мөлшердегі екпе егілсе, онда ол індетті жұқтырмайды. Яғни, ол денесіне індеттің үлкен мөлшері түскенде ғана жұқтырады",- деп түсіндірді ол.

Ол, балаларға індетті жұқтыру жолын зерттеу әлі аяқталмағандығын, атап көрсетті. "Материал қаралу үстінде. Илі түгелдей зерттелген жоқ. Материал өте күрделі",- деді ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 133 бала, сондай-ақ 17 ана анықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны