30.09.2016, 08:59 7090

Отырарда қарттарға құрмет көрсетілді

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімініӊ ұйымдастыруымен жүргізілетін экскурсияда қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар Шымкент қаласындағы көрікті жерлер мен Сайрам ауданындағы "Ибрагим ата", "Абдул Азиз" баб, "Қарашаш ана", "Мірәлі баб" кесенелері мен т.б. тарихи орындарды аралайды.

Шымкент. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігініӊ ұйытқы болуымен ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы аясында 1 қазан - Қарттар мен мүгедектер күніне орай экскурсия жұмыстары басталды, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мерейлі мереке қарсаӊында өткізіліп отырған шарада қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетіліп, Шымкент қаласына шығарып салды. Мерекелік көӊіл күй сыйлаған шараға қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов ардагерлерді құттықтап, бүгінгі мерекеніӊ бұрынғыдан өзгеше мереке екендігін, себебі, биыл біз ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығыныӊ аясында аға ұрпақтыӊ қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп отырмыз деді. Сондай-ақ, аудан басшысы өз сөзінде "Қарттарға қамқорлық - біздіӊ халқымыздыӊ санасына тереӊ сіӊген қасиет екенін айтты. Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ сарабдал саясатыныӊ арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда. Мемлекет басшысыныӊ бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар да халықтыӊ әл - ауқаты мен әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталып отыр. Осыныӊ бірі - бүгінгі өткізілген іс-шара",- деп атап өтті.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімініӊ ұйымдастыруымен жүргізілетін экскурсияда қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар Шымкент қаласындағы көрікті жерлер мен Сайрам ауданындағы "Ибрагим ата", "Абдул Азиз" баб, "Қарашаш ана", "Мірәлі баб" кесенелері мен т.б. тарихи орындарды аралайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны