Педиатрия орталығында сүйектің қатерлі ісігіне шалдыққан 40-тан астам балаға күрделі ота жасалды
Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Педиатрия орталығында сүйектің қатерлі ісігіне шалдыққан 40-тан астам балаға күрделі ота жасалды.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалардағы остеосаркомалар кезінде ірі буындарды эндопротездеу бойынша бірегей операциялар жасалады. Остеосаркома - сүйектің сирек кездесетін қатерлі ісігі. Қатерлі дерт көбіне 10 жастан асқан балаларда жиі кездеседі.
Қазақстан Республикасында жыл сайын остеосаркомамен шамамен 15 жасөспірім ауырады. Барлық остеосаркоманың 50%-дан астамы тізе буынына жақын орналасады.
Соңғы жылдары сүйек ісіктері кезінде жоғары мөлшерлі химиотерапияны енгізу арқасында басқа органдарға метастазданудың төмендеуі және өміршеңдік артты. Бұл көптеген жағдайларда (90%-дан астам) зақымданған аяқтарды сақтауға мүмкіндік берді. Яғни, осы аталған патологиясы бар балаларға кейбір асқынған жағдайларды қоспағанда, аяқ-қолдарды іс жүзінде ампутацияламайды.
Остеосаркомамен емдеудің жаңа әдістерін енгізу тиімділіктің әлемдік нәтижелеріне жақындауға мүмкіндік береді.
"Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалар мен жасөспірімдердің сүйек саркомасы кезінде эндопротездерді қолдану арқылы аяқ-қолдарды сақтап қалу бойынша ота жасау 2012 жылдан бері жүргізіледі. Орталықтың заманауи модульдік эндопротездерді сатып алу мүмкіндігінің және қарқынды жоғары мөлшерлі химиотерапияны қолданудың арқасында органсақтаушы оталарды жасаудың мүмкіндігі артты, сондай-ақ балалардағы остеосаркоманы біріктіріп емдеу нәтижелері де жақсарды. Атап айтатын жайт, онкологиялық эндопротездер ортопедиялық протездерге ұқсас емес, ерекше мегапротездер болып табылады. Қазіргі таңда хирургиялық емдеудің осы түрі остеосаркомаға шалдыққан балалардың 90%-дан астамына жасалынады, ол өз кезегінде баланың әлеуметтік бейімделуі мен оның өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік береді" - дейді ауыр да, бірегей күрделі отаны жасайтын онкохирург, ПБХҒО балалар онкологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Бахрам Жұмаділлаев.
Аяқ-қолды сақтай отырып емдеу аяқталғаннан кейін жалпы сауығып кету жағдайлары елімізде 70%-ды құрайды. Бұл нәтиже остеосаркоманы зерттеу жөніндегі халықаралық мультиорталықтар нәтижесінің деректерімен сай келеді.Барлығы соңғы 5 жыл ішінде Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ірі буындарды эндопротездей отырып (тізе, иық, жамбас) остеосаркома кезінде 45 орган сақтау операциялары орындалды. Бірегей операциялардың нәтижесінде балалардың аяқ-қолдары сақталып қана қоймай, олардың өмір сүру сапасы да жақсарды. Бүгінгі күні олар өздерінің құрбы-құрдастарымен қатар деңгейде мектепке барып, университетте оқып, түрлі қызметте жұмыс істейді. Тіпті, спортпен айналысып, жаттығу залдарына, бассейндерге барып белсенді өмір сүруде.
"Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқаруда
Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз қоғамдық орындарда, көшелер мен жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет атқаруда", - деді Серік Шумаев.
Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір саналы әрекет - қаламыздағы тыныштық пен тәртіптің кепілі", - деп атап өтті спикер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда 31 желтоқсан қалай аталып өтеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Дрон курьер ретінде: Алматыда пилотсыз жеткізу жобасы іске қосылады
Меморандумға қол қою мемлекеттің ұшқышсыз технологиялар мен заманауи логистикалық сервистерді дамытудағы жүйелі тәсілін көрсетеді. Пилоттық жобалар технологияларды нақты жағдайда сынауға, қажетті нормативтік шешімдерді пысықтауға және осындай қызмет түрін әрі қарай кеңейтуге мүмкіндік береді", - деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанымыз үшін қуаныштымыз және бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл серіктестік ұшқышсыз технологияларды азаматтардың күнделікті өміріне енгізуге мүмкіндік береді, жеткізу процесін жылдам әрі тиімді етеді", - деді Freedom Lifestyle Group бас директоры Алексей Ли.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ыстанбұлда қазақ музыкасының кеші өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Сақ стилі" жаңа сериясынан номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығару туралы
- көкте қалықтаған құспен "Бәйтеректің" бұтағы (Есік қорғаны, б. з. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің әшекейі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
- ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен безендірілген шексіздік символы;
- артефакт - Арқардың басы түріндегі әшекейдің фрагменті (Берел қорғаны, б.з.д. 8-7 ғғ., ШҚО).
- ою-өрнекпен көмкерілген қалқан аясында бейнеленіп тұрған Қазақстанда мекендейтін Арқар;
- негізгі бейненің артында бірнеше мағына беретін қазақы ою-өрнек орналасқан:
- "Қалқан" - құндылықтар қорғанын білдіреді,
- ежелгі символ - дүниенің төрт құбыласы,
- ортасында жасампаз энергияның нышаны ретінде күн белгісі бейнеленген. - банкноттың ортасында қазақи "шексіздік" ою-өрнегінің контуры салынып, оның ішінде "Мұзтау" тауының ландшафтық көрінісі бейнеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Иранда Қазақстанның мәдени кеші өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бас прокуратура телефон алаяқтары мен олардан қорғанудың жаңа әдістері туралы ескертеді
- мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан SMS-тен бір реттік кодтарды, карта деректерін немесе парольдерді сұрамайды;
- ақша аудару үшін "қауіпсіз шоттар" жоқ;
- күдікті қоңыраулар кезінде абай болыңыз, деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- күмән туындаған жағдайда дереу банкке немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарласыңыз;
- кибергигиена ережелерін сақтаңыз: тек ресми қосымшалар мен қызметтерді қолданыңыз, сілтемелер мен хабарламаларды тексеріңіз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Масқатта Қазақстан мен Оман арасындағы өзара ынтымақтастықтың даму басымдықтары мен нәтижелері таныстырылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.12.2025, 19:40Әкімдіктер туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтын болады 30.12.2025, 10:14 71901Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті29.12.2025, 09:02 713362026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі29.12.2025, 21:42 71126Республикалық үшжақты комиссия еңбек саласындағы қатердің алдын алу шараларын күшейтуде29.12.2025, 18:13 69961Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды
17.12.2025, 17:47 231926Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227451Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225731Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222741Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213716Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

