22.06.2022, 17:01 11141

ПИК-тен МИБ-ке көшу тағы бір жылға ұзартылды

Мәжіліс энергия үнемдеу туралы заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қабылдады.
ПИК-тен МИБ-ке көшу тағы бір жылға ұзартылды
НҰР-СҰЛТАН. 22 МАУСЫМ - Мәжіліс энергия үнемдеу туралы заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қабылдады. 
 
Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарады. Құжатқа енгізілген өзгірестерді Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, депутат Дүйсенбай Тұрғанов таныстырды. 
 
Айта кету керек, аталмыш құжатта пәтер иелері кооперативтері (ПИК) мен кондоминуимдардың орнына мүлік иелері бірлестіктерін (МИБ) немесе жай серіктестіктерді (ЖС) енгізу процедурасын 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қалдыру жөнінде ұсыныс та бар. 
 
Аталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулыны Мәжіліс депутаттары бірауыздан қабылдады. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны