20.04.2021, 20:45 9350

Премьер-Министр халықты COVID-19-ға қарсы вакцинамен қамтуды кеңейтуді тапсырды

"Ай сайын 2 млн адамды вакцинамен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды нақты орындау керек".
НҰР-СҰЛТАН. 20 СӘУІР - Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықты COVID-19-ға қарсы вакцинамен қамтуды кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Халықты, әсіресе, қамтылуы төмен өңірлерде вакциналаумен қамтуды кеңейту қажет. Ай сайын 2 млн адамды вакцинамен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды нақты орындау керек", — деді А. Мамин.

 
Премьер-Министр коронавируспен ауырып қалған науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетуге және дәрі-дәрмектердің болуына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.
 
Әкімдіктерге денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктерімен, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, мобильді мониторингтік топтардың белсенді қатысуымен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету тапсырылды.
 
 
Вирустың репродуктивті көрсеткіші республика бойынша 1,065 құрайды. Инфекциялық төсек орындарының жүктемесі – 41%, реанимациялық төсек орындары – 27%. Қазіргі уақытта Covid-19 таралу қарқыны бойынша "қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстары тұр. Қостанай және Түркістан облыстарын қоспағанда, қалған барлық өңірлер – "сары аймақта".
 
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 733 980 адам вакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны