12.03.2010, 15:41 2874

Президент әкімшілігі 100-ден астам мемлекеттік қызметкердің орындарын алмастыру жөнінде ұсыныс дайындады

Президент әкімшілігі 100-ден астам мемлекеттік қызметкердің орындарын алмастыру жөнінде ұсыныс дайындады

Астана. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Президент әкімшілігі 100-ден астам мемлекеттік қызметкердің орындарын алмастыру жөнінде ұсыныс дайындады. Бұл туралы Қазақстанның 2014 жылға дейінгі серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мәселелері бойынша облыстар, Алматы және Астана қаласы әкімдерімен өткізген кеңесте бүгін ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мемлекеттік қызметкердің орындарын алмастыру жөнінде президент әкімшілігі тиісті ұсыныстар дайындады. Бұл мәселені зерттеу барысында вице-министрлер мен жауапты хатшылардан 60 адамның 18-і өңірлерде жұмыс істеу тәжірибесіне ие болмай шықса, өңірлік деңгейдегі 329 жетекшінің зейнет демалысы жасында немесе зейнет демалысына шығар алдындағы жаста екендігін анықталды", - деді А. Мусин.

"Осыған байланысты біз орталық және өңірлік органдардағы 100-ден астам саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді орталықтан өңірге, өңірлерден орталыққа ауыстыру жөнінде ұсыныс енгіземіз", -деді А. Мусин.

Оның айтуынша, "бұл мәселе бүгін үкіметпен, үкімет басшысымен, мемлекеттік органдардың жетекшілерімен және әкімдермен келісіледі".

Өз кезегінде президент Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге қаратып айтқан сөзінде: "орталық органдардың қызметкерлері, көптеген жас мамандардың өздері барып жұмыс істеуге ниет білдірді",- деді. "Мен сіздерге ескерте кетейін: оларға барған жерлеріне сіңісіп кетуі үшін аса мұқият назар аударуды тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.

"Орталықтан өңірлерге саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерден 65 адамды жібереміз, ал өңірлерден осында аламыз", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны