10.08.2022, 15:11 13166

ҚР-да тамыз айындағы ҰБТ басталды

ҰБТ-ға қатысуға 20 мыңнан астам өтініш қабылданды.
ҚР-да тамыз айындағы ҰБТ басталды
Сурет: instagram/bilim_jane_gylym
НҰР-СҰЛТАН. 10 ТАМЫЗ - ҰБТ-ға қатысуға 20 мыңнан астам өтініш қабылданды. Тестке тіркелу Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 25-30 шілде аралығында жүргізілді.
 
Еске сала кетейік, тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге мүмкіндік беру үшін өткізіледі. Бұл ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады.
 
Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу электронды форматта 10-13 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу кезінде тестілеуге қатысушылар емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдады.
 

Шекті балл жинай алмаған талапкерлердің ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамызда қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шекті балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет. Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер бейіндік пәндер комбинациясын тамыз тестілеуінде өзгертіп, тестілеуге қатыса алатынын айта кеткен жөн", – деді ҚР ҒЖБ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

 
Сонымен қатар, жоғары оқу орнына ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ҚРҰБТ

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны