18.01.2022, 16:28 16491

ҚР 18 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 9 698 жаңа жағдайы анықталды

ҚР 18 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 9 698 жаңа жағдайы анықталды
НҰР-СҰЛТАН. 18 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 17 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 071 130 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 9 698 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтанда - 3 702,
 
Алматыда - 1 198,
 
Шымкентте - 310, 
 
Ақмола облысында - 378, 
 
Ақтөбе облысында - 285, 
 
Алматы облысында - 320, 
 
Атырау облысында - 538, 
 
ШҚО-да - 169, 
 
Жамбыл облысында - 259, 
 
БҚО-да - 151, 
 
Қарағанды облысында - 1 371, 
 
Қостанай облысында - 33, 
 
Қызылорда облысында - 143, 
 
Маңғыстау облысында - 216, 
 
Павлодар облысында - 375, 
 
СҚО-да - 129, 
 
Түркістан облысында - 121.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 142 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 973 637 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
18 қаңтарға КВИ-ден 86 017 адам (84 406 КВИ+ және 1 611 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 7 388 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 78 629 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 251 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 83 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 50 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 17 қаңтарға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 087 өлім жағдайы тіркелген. 16 қаңтарда КВИ-ден 6 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 16 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болды, 13 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 84 741, өлім - 5 239, сауыққандар - 77 891. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 17 қаңтарда I компонентпен 9 072 044 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 630 788 адам вакцинацияланды. 
 
2022 жылдың 17 қаңтарына Pfizer вакцинасымен егілді: бірінші компонентпен - 452 874 адам, екінші компонентпен - 236 773. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны