25.03.2022, 16:00 19311

ҚР 25 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19-дың 22 жаңа жағдайы анықталды

ҚР 25 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19-дың 22 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 25 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 24 наурыз 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 304 983 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 22 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 1, 
 
Алматы қаласында - 8, 
 
Шымкент қаласында - 0, 
 
Ақмола облысында - 0, 
 
Ақтөбе облысында - 0, 
 
Алматы облысында - 1, 
 
Атырау облысында - 1, 
 
ШҚО-да - 2, 
 
Жамбыл облысында - 0, 
 
БҚО-да - 0, 
 
Қарағанды облысында - 1, 
 
Қостанай облысында - 2, 
 
Қызылорда облысында - 0, 
 
Маңғыстау облысында - 1, 
 
Павлодар облысында - 1, 
 
СҚО-да - 4, 
 
Түркістан облысында - 0.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 645 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 286 960 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
25 наурызға КВИ-ден 5 377 адам (4 366 КВИ+ және 1 011 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 565 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 4 812 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 37 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 21 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 10 пациент бар. 
 
2022 жылғы 23 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның (КВИ -) 2 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 10 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 563, өлім - 5 351, сауыққандар - 82 201 тіркелді. 
 
23 наурызда бір адам КВИ-ден қайтыс болды. Пандемия басталғаннан бері КВИ-ден 13 657 өлім тіркелді.
 
Қазақстанда 2022 жылғы 24 наурызға I компонентпен 9 444 995 адам вакцинацияланды, II компонентпен 9 131 657 адам вакцинацияланды. 
 
ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары. 
 
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР-да үй-жайларда міндетті түрде бетперде тағу тоқтатылды
 
Сондай-ақ, енді барлық қазақстандықтар Pfizer вакцинасымен егіле алады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны