03.09.2021, 18:05 10037

ҚР 3 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: Сovid-19 расталған жағдайлардың саны 800 мыңнан асты

НҰР-СҰЛТАН. 3 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 2 қыркүйекке 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 803 601 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 4 930 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 318; 
 
Алматы қаласында – 1 287; 
 
Шымкент қаласында – 223; 
 
Ақмола облысында – 248; 
 
Ақтөбе облысында – 339; 
 
Алматы облысында – 295; 
 
Атырау облысында – 195; 
 
ШҚО-да – 170; 
 
Жамбыл облысында – 109; 
 
БҚО-да – 134; 
 
Қарағанды облысында – 622; 
 
Қостанай облысында – 232; 
 
Қызылорда облысында – 112; 
 
Маңғыстау облысында – 238; 
 
Павлодар облысында – 268; 
 
СҚО-да – 70; 
 
Түркістан облысында – 70.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 10 161 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 701 641 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
3 қыркүйекке КВИ-ден 99 675 адам (92 369 КВИ+ және 7 306 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 21 714 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 77 961 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 547 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 481 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 255 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 2 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 9 591 өлім жағдайы тіркелген. 1 қыркүйек күні КВИ-ден 96 адам қайтыс болды. 
 
1 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 358 жағдайы тіркелді, 21 адам қайтыс болды және 170 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 70 608, өлім – 4 506, сауыққандар – 58 796. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 2 қыркүйекке I компонентпен 6 748 762 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 559 692 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 3 қыркүйектегі Қазақстан өңірлерінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны