19.07.2022, 16:31 5646

ҚР Білім және ғылым министрлігінде балабақшаларды лицензиялау кезеңдері туралы айтылды

ҚР Білім және ғылым министрлігінде балабақшаларды лицензиялау кезеңдері туралы айтылды
НҰР-СҰЛТАН. 19 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының Білім беру бірінші вице-министрі Шолпан Каринова елімізде балабақшаларды лицензиялау қалай жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Шолпан Каринованың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Каринованың айтуынша, лицензиялау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Алдымен заңдарға, басқа да заңға тәуелді актілерге өзгерістер енгізілетін болады.
 

Бірінші кезеңде жаңадан ашылған мектепке дейінгі ұйымдар лицензиялауға жатады, ал бұл жылына шамамен 200 бірлік. Содан кейін лицензиялау қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген жұмыс істеп тұрған ұйымдар үшін көзделген. Олардың саны да аз, жылына 1-2% немесе 10-15 балабақша. Басқа барлық жұмыс істеп тұрған балабақшалар тәуекелдерді бағалау негізінде лицензия алатын болады. Балабақшаға бармай-ақ, қауіпті жағдайлар Ұлттық білім деректері базасы арқылы автоматтандырылған жүйеде анықталатын болады", - деп жазды Каринова өзінің Facebook парақшасында.

 
Бұл ретте, ол мемлекет балабақшаларды жабу міндетін қоймайтынын атап өтті.
 

Лицензиялау мұндай салдарға әкелмейді - оның мемлекеттік мекемелерге де, жекеменшік мекемелерге де қатысы бар, керісінше, мемлекет мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына барлық жағдай жасап отыр және жасайды да. Тек биылғы жылы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында үш жүзден астам балабақша ашылуда, олардың жартысынан көбі - жекеменшік, олардың жүз қырқы - он мыңнан астам орынға қазіргі таңда ашылды", - деді вице-министр.

 
Оның айтуынша, мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларда осы жылдар ішінде бірыңғай әдістеме бойынша мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландырудың бірыңғай тетігі іске асырылуда. Бұл ретте, осы саладағы қызметтерді қолдау үшін 2020 жылы мемлекеттік тапсырыс әдістемесіне мемлекеттік тапсырыс құрылымында жалақыны 25% - ға арттыруға, педагогтердің демалыс ұзақтығын 56 күнге дейін ұлғайтуға және т.б. арналған қаражат көлемін көздейтін өзгерістер енгізілді және бұл шараларға республикалық бюджеттен қомақты көлемде қаржы бөлінді.
 

Егер біз әділ қарым-қатынасты, балалардың құқықтарын қорғауды, олардың балабақшаларда қауіпсіз болуын қамтамасыз етуді қаласақ, ата-аналар балаларын балабақшаға жіберуден қорықпаса, онда балабақшаларға қойылатын талаптарды кіру кезінде лицензиялау және жұмыс істеуі кезеңінде аттестаттау жүйесі арқылы тексерілуі керек. Сонымен қатар, осы функцияларды іске асыру кезінде мемлекет екі тараптың тікелей байланысы тәуекелін барынша азайтты, өйткені рәсімдер объектілерге бармай-ақ жүргізіледі", - деп сендірді Каринова.

 
Ол балабақшалардың жұмыс істеу шарттары мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік балабақшаларда да бірдей болуы тиіс екенін атап өтті. 
 
Вице-министр мектепке дейінгі білім – қазіргі уақытта лицензияланбайтын жалғыз білім деңгейі екенін еске салды. Лицензиялау тексеру тетігі ретінде 2011 жылға дейін жүргізіліп келді.
 

Қазір бұл процедураны қайтару қажеттілігі туындады, өйткені балаларға қатысты көптеген резонанстық жағдайлар ата-аналар мен қоғамды әділеттілікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге мәжбүр етті. Бұл қоғамның сұранысы. Бұл жағдайда лицензия дайындықты растау құралы ретінде балабақшаны ашу кезінде балалардың жағдайын тексеруге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ол.

 
Бұл ретте, оның айтуынша, біліктілік талаптары әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты балалар үшін қажетті жағдайлардың ең аз жиынтығын қамтитын болады: тиісті педагогтердің, бейнекамералардың, оқу материалдарының болуы, санитариялық және өртке қарсы нормаларға сәйкестігі, меншікті немесе жалға алынған ғимараттың болуы.
 

Айта кету керек, адал кәсіпкерлер мен қалыпты жұмыс істейтін балабақшалар үшін лицензиялау еш шығынсыз реттеу құралы болып табылады", - деп қорытындылады вице-министр.

 
Президент балабақшалар мен мектептердегі балаларға қатысты зорлық-зомбылық проблемалары туралы айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны