11.03.2022, 18:06 37611

Ресей Қазақстанға ұшуға қойылған ковидтік шектеулерді алып тастады

Ресей Қазақстанға ұшуға қойылған ковидтік шектеулерді алып тастады
Сурет: Pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 11 НАУРЫЗ - Ресей Қазақстанға ұшуға қойылған шектеулерді алып тастады.
 
Росавиация мәліметтері бойынша, 2022 жылғы 9 наурызда Ресей үкіметінің шешіміне сәйкес бұрын енгізілген Covid-19 таралуын болдырмау аясында Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Иранға тұрақты емес және тұрақты рейстерге шектеулер алынып тасталды.
 
Енді әуе сапарлары әуеқатынасы туралы екіжақты үкіметаралық келісімдер мен әуе күштерінің жекелеген келісімдері негізінде жүзеге асырылады.
 

Авиакомпаниялар тұрақты және тұрақты емес рейстерді орындау кезінде Ресей Федерациясының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 18.03.2020 жылғы № 7 "COVID-19 таралуын болдырмау үшін оқшаулау режимін қамтамасыз ету туралы" қаулысының ережелерін сақтауы керек", - дейді Росавиация.


Естеріңізге сала кетейік, Air Astana әуекомпаниясы сақтандыру өтелімінің тоқтатылуына байланысты Ресейге барлық рейстерді тоқтатады

Сонымен қатар, SCAT әуекомпаниясы Ресейге ұшатын рейстердің санын арттырады.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны