18.11.2021, 21:05 72954

Ревакцинацияланбаған медицина қызметкерлері науқастармен жұмыс істеуге жіберілмейді

Ревакцинацияланбаған медицина қызметкерлері науқастармен жұмыс істеуге жіберілмейді
Сурет: Нұр-Сұлтан қаласының ІСБ
АЛМАТЫ. 18 ҚАРАША - Ревакцинациядан бас тартқан медицина қызметкерлері пациенттерді қарауға жіберілмейді және олар басқа бөлімге ауыстырылуы мүмкін. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлім етті.
 
Брифинг барысында БАҚ өкілдері спикерден: "Егер дәрігерлер ревакцинациядан бас тартса, жұмыстан шығарыла ма?", - деп сұрады. 
 

Шынында да, бұл сұраққа қазір жауап беру қиын. Әр адам өз денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ, көмекке келген науқастардың денсаулығына қауіп төндіреді. Негізі, олар екпе алуы тиіс, бұл - менің пікірім", - деді дәрігер. 

 
Оның айтуынша, екпе алмаған, жеке себептермен қайта егуден бас тартқан медицина қызметкерлері науқастармен жұмыс істеуге жіберілмейді. Яғни, шеттетіледі. 
 

Немесе олар науқастармен байланыста болмайтын аймақтарға ауыстырылады. Мысалы, оларды статистика бөліміне отырғызуға болады. Ревакцинация жасамаған медицина қызметкерлеріне науқастарды қабылдауға рұқсат етілмейді", - деп жауап берді Светлана Сұлтанғазиева.

 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны