24.07.2008, 09:55 1261

Шымкентте 1 тамыздан бастап жолаушылар автобустарындағы жолақы құны қымбаттайды

Шымкентте 1 тамыздан бастап жолаушылар автобустарындағы жолақы құны қымбаттайды

Шымкент. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте 1 тамыздан бастап жолаушылар автобустарындағы жолақы құны 30 теңгеден 40 теңгеге көтеріледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық көліктегі бағаны көтеру туралы шешімді қалалық әкімдік жанар-жағармай құнының қымбаттауына байланысты қабылдаған. Жаңа тариф 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Сонымен бірге, бағытты таксилердегі жолақы құны бұрынғысындай 40 теңге болып қала береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны