20.09.2016, 16:17 13921

Шымкентте белгілі суретші Қасымбек Нұрбекұлыныӊ көрмесі ашылды (ВИДЕО)

Ғұмырыныӊ мәні мен сәніне айналған экспозициясын Қасымбек Нұрбекұлы Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арнап отыр.

Шымкент. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қайталанбас белестер". Облыстық бейнелеу өнері мұражайында ашылған көрме осылай аталады. Көрме авторы - сексенніӊ сеӊгіріне шыққан өлкеміздіӊ белгілі фотосуретшісі, кескіндемешісі, Қазақстан суретшілері және журналистері одағыныӊ мүшесі Қасымбек Нұрбекұлы. Бұл туралы Otyrar.kz сайты хабарлайды.

Ғұмырыныӊ мәні мен сәніне айналған экспозициясын Қасымбек Нұрбекұлы Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арнап отыр.

Көркемсурет галереясыныӊ залы бұл күндері табиғаты ерек күнгейдіӊ таулары мен өзендері, тастары мен жоталары, дархан даланыӊ төсі мен ондағы ешбір өлкеде қайталанбайтын тіршілік, қазақтыӊ мінезін айқындайтын сәйгүліктер қатысқан бәйгеніӊ әдемі сәттері бейнеленген полотноларға толы. Картиналардыӊ қатарын қас-қағым сәттерден тұратын фотолар да толықтырып тұр. Көрмеге жиналғандар бірден жанға жылу сыйлайтын туындыларды көруге асықты. Бұл суретші Қасымбек Нұрбекұлыныӊ 80 жылдық ғұмырыныӊ қайталанбас белестері.

Қасымбек Нұрбеков, Қазақстанныӊ құрметі журналисті және суретшісі: "Өнер адамы болғаннан кейін, мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, басқа да өнер адамдары болсын - тыныш отыра алмайды. Олардыӊ өздерініӊ ой бар, жоспары бар дегендей. Ананы ертеӊ жазып тастаймын, мынаны бүгін жазып тастаймын дегендей. Міне, сондай ой бізде де бар. Бірнәрсе ойыӊа келгенде эскизін жасап қоямыз. Содан кейін қолыӊ тигенде бастап жібересіӊ де бірте-бірте аяқтап тастайсыӊ".

Көрменіӊ салтанатты ашылуына суретшілер мен журналистер, автордыӊ үзеӊгілес жолдастары, ұл-қыздары, туыстары және ізбасарлары жиналды. Мерейтойын дүркіретіп той жасаудан көрі ғұмырдарияныӊ мәніне айналған еӊбегін елге көрсетіп, есеп беруді жөн санаған еӊбек ардагерініӊ бұл идеясын құптап, қолдаған облыстық бейнелеу өнері мұражайы болды. Көрмені тамашалап, алған әсерімен бөліскен азаматтар тақырыптыӊ әралуандылығын бірден байқады. Картиналар мен фотолардыӊ әрбірініӊ өзіндік ерекшелігі басым.

Байдулла Қонысбек, Қазақстанныӊ құрметті журналисі: "Қасекеӊ - біздіӊ Бәйдібек ауданынан шыққан тұӊғыш суретші. Қасекеӊніӊ қылқаламынан шыққан туындылар Қазақстанныӊ түкпір-түкпірінде көрсетілген көрмелерге қойылған."

Қасымбек Нұрбеков өткен ғасырдыӊ 60-жылдарында республикалық "Лениншіл жас", облыстық "Оӊтүстік Қазақстан" газеттерінде фототілші болып еӊбек етті. Соӊғысында 30 жылдан астам қызмет атқарды. Ол суретші үшін еӊ қиын болып табылатын жұмыс пен шығармашылықты қатар алып жүрді. Қасымбек Нұрбекұлыныӊ қайталанбас белестерінен сыр шертетін еӊбектерін жерлестеріміз қазан айыныӊ 20-сына дейін галереяға келіп көре алады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны