16.07.2014, 22:27 6051

ШҚО-да "Алтай - рухани келісім бесігі" конгрессі өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылдың қазан айында "Алтай - рухани келісім бесігі" халықаралық конгрессі өтеді, - деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылдың қазан айында "Алтай - рухани келісім бесігі" халықаралық конгрессі өтеді, - деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Конгреске шет мемлекеттердің өкілдері: дінтанушылар, ғалымдар мен теолаг мамандар қатысады.

Соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, ШҚО-да мемлекеттік мекемеге 304 тіркелген және 7 тіркелмеген діни бірлестік бар.

Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының бастығы Манарбек Мұхамеджановтың айтуынша, дәстүрлі рухани құндылықтарымызды сақтап қалу мақсатында қалалар мен аудандарда ақпараттық насихаттық жұмыстар көптеп жүргізілуде. Мәселен, соңғы жылдары жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде салафизмді ұстанған 44 азамат дәстүрлі ислам дініне қайтарылды. Жалпы бүгінде аймақтағы діни ахуал тұрақты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны