Система Orphus

Смайылов: Импортты алмастыру – бұл қазақстандық өндірушілер үшін үлкен мүмкіндік

20.05.2022, 17:10 24031
Смайылов: Импортты алмастыру – бұл қазақстандық өндірушілер үшін үлкен мүмкіндік
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 20 МАМЫР - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ашылған қазақстандық өндірушілердің жыл сайын өтетін VI Ulttyq Onim көрмесіне барып, құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Үкімет басшысының айтуынша, импортты алмастыру – кәсіпкерлер үшін даму әлеуеті зор бағыттардың бірі, тек өңдеу өнеркәсібіндегі импорттың үлесі өткен жылы $38 млрд-ты құрады.
 

Бұл біздің отандық өндірушілерге өз ісін дамытуға және жаңа тауарлардың өндірісіне инвестициялар бағыттау үшін үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде Үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын құрды, олардың 286-сы – 9,9 трлн теңге сомасына импортты алмастыратын жобалар", — деді Әлихан Смайылов.

 
Үкімет басшысы 2022 жылы жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 165 жобаны іске асыру жоспарланғанын атап өтті. Осындай әр жобаның айналасында шағын және орта бизнес компанияларының белдеуі дамитын болады.
 
Сондай-ақ бизнеске әкімшілік жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретін Кәсіпкерлік саласындағы реттеушілік саясат жөніндегі заң қабылданды.
 

Үкімет бизнес жүргізу және нарықтағы монополияларды жою үшін бәсекелестік аясын кеңейту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Отандық компаниялардың квазимемлекеттік сектордың сатып алуына қол жеткізуді жеңілдету бағытында белсенді жұмыс жүргізуде", - деді Смайылов.

 
Ол Мемлекет басшысы жариялаған билік пен бизнестің сындарлы өзара іс-қимылы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың негізін құрайтынын айтты.
 
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ақордада қазақстандық бизнесмендермен кездесу өткізіп, онда бизнесті артық тексерулерден қорғау шараларын айтқан болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны