28.04.2023, 08:16 26516

Сыбайлас жемқорлардан алынған қаражат 72 жаңа мектептің құрылысына жұмсалады

Бүгінгі таңда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңге түсті
Сыбайлас жемқорлардан алынған қаражат 72 жаңа мектептің құрылысына жұмсалады
Сурет: primeminister.kz
Астана. 28 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Үкіметі сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру тетігін бекітті, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тиісті түзетулер енгізілген қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Бүгінгі таңда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңге түсті.

Сонымен қатар ел басшылығының тапсырмасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясы 106,7 млрд теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады. Атап айтқанда, 94,1 млрд теңге 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға және тағы 12,6 млрд теңге 3 жаңа нысанның (екі ауысымда 1400 орынға арналған 2 мектеп және 200 орындық мектеп-интернат) құрылысын аяқтауға бағытталады.

Осылайша, бұл механизм үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мен оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қосады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты халыққа Жолдауында жемқорлардан алынған қаражатты білім беру инфрақұрылымын қолдауға бағыттауды тапсырған болатын.

Президент 2025 жылға дейін заманауи талаптарға сай 800 мың оқушы орны құрылатынына уәде берді. Бұл, Мемлекет басшысының айтуынша, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны