27.06.2022, 15:20 8716

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус ауруының 67 жағдайы анықталды

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус ауруының 67 жағдайы анықталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 27 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 67 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 306 300 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
27 маусымға КВИ-ден 436 адам (374 КВИ+ және 62 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 64 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 372 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 3 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 0 пациент бар. 
 
2022 жылғы 27 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 522 816 адам, 2-ші компонентпен - 9 304 480 адам вакцинацияланды. 4 760 366 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны