21.01.2010, 15:38 3111

Токио университетіндегі жапондық ғалымдар "серпімді су" атты жаңа материал ойлап тапты

Токио университетіндегі жапондық ғалымдар "серпімді су" атты жаңа материал ойлап тапты

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Токио университетіндегі жапондық ғалымдар "серпімді су" атты жаңа материал ойлап тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Токио университетіндегі жапондық ғалымдар ойлап тапқан жаңа материалдың 95%-ы судан тұрады. Ол қоршаған орта мен адамға қатер төндірмейді, сол себепті атап айтсақ, медицинада табысты пайдалануға болады. Жапондық химиктердің жұмысы туралы есеп жуырда халықаралық "Нейчур" ғылыми журналының соңғы санында жарияланды.

Материал жай суға "2 грамм шамасында балшық пен шағын көлемде белгілі бір органикалық заттарды қосу арқылы шығарып алынған". Соның нәтижесінде желе тектес мөлдір түсті серпімді "аквазат" пайда болды. Ғалымдар бұған дейін де осындай зат шығарып алуға талпынғанымен, ол ұдайы сұйық болып шыққан.

Мамандардың айтуынша, алынған материалдың сипаттамалары оны медицинада тканьдерді желімдеуде пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны