22.01.2007, 18:51 2587

Иділет министрлігі заңдардың жобасын зерделеу жөніндегі ведмоствоаралық ғылыми-зерттеу мекемесін құруды ұсынады

АСТАНА. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Иділет министрлігі заңдардың жобасын зерделеу жөніндегі ведмоствоаралық ғылыми-зерттеу мекемесін құруды ұсынады. Бұл туралы бүгін әділет министрлігінің алқа мәжілісінде ведмоство басшысы Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

З. Балиеваның сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта, Қазақстанда "заңнамалар проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу мекемелері, жаңа заңдарды әзірлеуге қолданылатын және қолданылуға тиіс құқықтық зерттеу жұмыстары жоқ". "Ал заң жобасын жасауда ғылым саласымен ықпалдастық олардың сапасын жақсартуға септігін тигізеді",- деп санайды министр.

"Халықаралық тәжірибелерді зерделеу нәтижесі негізгі қызметі жүргізіліп отырған реформаларды құқықтық қамтамасыз ету үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстары болуға тиіс ведмоствоаралық ғылыми мекемелерді құру аталмыш проблемаларды шешудің тиімді әдістерінің бірі болып табылатындығын көрсетіп отыр",- деді З. Балиева.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны