05.09.2022, 18:41 19506

Украинаның Қазақстандағы елшісі өз мәлімдемесі үшін кешірім сұрады

Украинаның Қазақстандағы елшісі өз мәлімдемесі үшін кешірім сұрады
Сурет: fin-journal.info
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚЫРКҮЙЕК - Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский Ресейге қатысты мәлімдемесі үшін Қазақстаннан кешірім сұрады.
 

Өздеріңіз білесіздер, біз Украина елшісін шақырып, оның мәлімдемесіне наразылығымызды білдірдік. Ол кешірім сұрады. Айтуынша, "өз үйінде соғыс болып жатқаны үшін мұны эмоциямен айтып қалған", - деді Смадияров Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

 
Ресми мәлімет бойынша, қазір Украина елшісі еңбек демалысында.
 
Еске салсақ, жуырда украиналық дипломат Петр Врублевский тіл патрулін ұйымдастырушы Диас Құзайырға берген сұхбатында "орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, балаларымыздың қолы қанға соғұрлым азырақ малынады" деген еді.

ҚР СІМ Украина елшісіне оның сөзіне байланысты наразылық білдірді.

Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшісінің айтқан мәлімдемесін айыптады

Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны