27.02.2012, 14:34 3134

Илемдегі ең қысқа адам Непалда тұрады

Yтро.ru хабарлағандай, оның бойы бар-жоғы 54 см құрайды. Данганың бойын өлшеу рәсімін Гиннес рекордтар кітабының өкілдері Непал астанасы Катмандуда өткізді. Өлшеу нәтижесі -қысқа бойлы адамдардың бойын өлшеу мәліметтері тіркеле бастаған 1955 жылдан бергі ең қысқасы.

Астана. 27-ақпан. Kazakhstan Today - Илемдегі ең қысқа адам Непалда тұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 72 жасар Непал тұрғыны Чандра Бахадур Данги ресми түрде Жер шарының ең қысқа бойлы тұрғыны деп танылды.

Yтро.ru хабарлағандай, оның бойы бар-жоғы 54 см құрайды. Данганың бойын өлшеу рәсімін Гиннес рекордтар кітабының өкілдері Непал астанасы Катмандуда өткізді. Өлшеу нәтижесі -қысқа бойлы адамдардың бойын өлшеу мәліметтері тіркеле бастаған 1955 жылдан бергі ең қысқасы.

БАҚ мәліметтеріне сәйкес, Данги Катманудан 400 км жердегі өркениеттен қол үзген шағын ғана ауылда тұрады. Оның өмірлік ермегі мен табыс көзі - ауыр жүктерді тасымалдауда жеңілдік беретін арнайы ұлтарақтар әзірлеп, бас киімдер тігу.

Оның отбасы мүшелері, атап айтқанда, бес ағасы - қалыпты бойлы қарапайым азаматтар.

Данганың ұзақ жасауы да өз алдына рекорд болдып табылады: әдетте қысқа бойлы адамдардың 70 жасауы тарихта сирек кездеседі. Рекорсмен медицинады мүлде мойындамаған, сол себепті тіпті қатты сырқаттанып қалғанның өзінде дәрігерлерге бірде-бір рет жүгініп көрмеген. Күні бүгінге дейін оның өмірде бар екендігі жайында ешкімнің білме қоймағаны да сондықтан.

Күні бүгінге дейін ең қысқа бойлы адам ретінде рекордтар кітабында 60 сантимертлік бойымен 18 жасар филиппиндық азамат Джунри Балуинг көш бастаған болатын. Балуинг жастайынан жиі ауыратын әлсіз бала болған, оның бойының өспей қалуы да содан. Ауылдық көпбалалы отбасында дүниеге келгендіктен, ата-анасы оны емдеу үшін жөнді жағдай жасай алмапты.

Ал абсолюдтік рекорд 1997 жылы қаза болған Индия тұрғыны Гуль Мохаммедтің еншісінде болды. Оның бойы 57 сантиметрді құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны