01.11.2012, 10:10 7274

"Заңғар" СҮ "Profit Invest" АҚ-мен бірікпек

2012 жылдың 05 желтоқсанында "ЗАҢҒАР" Қазақ Республикалық Сауда Үйі" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады, деп хабарланды Қазақстанның қор биржасының сайтында.

Алматы. 1-қараша. Kazakhstan Today - "Заңғар" СҮ "Profit Invest" АҚ-мен бірікпек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың 05 желтоқсанында "ЗАҢҒАР" Қазақ Республикалық Сауда Үйі" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады, деп хабарланды Қазақстанның қор биржасының сайтында.

Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЗАҢҒАР" Қазақ Республикалық Сауда Үйі" АҚ (Алматы, одан әрі - Компания), 2012 жылдың 05 желтоқсанында сағат 11:00-де акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады. Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

- компанияның "Profit Invest" АҚ қосылуы түрінде қайта құрылуы; - "Profit Invest" АҚ қосылған кездегі компанияның акцияларын орналастыру тәртібі, мерзімі, бағасы туралы; - "Profit Invest" АҚ қосылуы туралы келісім-шартт бекіту туралы; - өткізіп беру актісін бекіту туралы; - әр түрлі.

Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Абылай хан даңғ., 62, 5-қабат, мәжіліс залы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 11:00-де басталады.

Аталған жиналысқа қатысуға құқы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың 26 қарашасындағы жағдай бойынша әзірленген.

Кворум болмаған жағдайда компанияның акционерлерің жиналысы 2012 жылдың 06 желтоқсанында сағат 11:00-де жоғарыда аталған мекен-жайда өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны