31.05.2021, 20:10 11142

Жаңа құрылыс ережелері Алматының кәдуілгі желдетілуін реттейді

Құрылыс компаниялары қала аумағында қала құрылысы мен биіктік регламентін сақтауға міндеттенеді.
АЛМАТЫ. 31 МАМЫР - Жаңа құрылыс ережелері Алматының кәдуілгі желдетілуін реттейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының бастығы Алмасхан Ахмеджановтың айтуынша, жаңа ережелердің арқасында қаланың бірегей бейнесі, Іле Алатауы тауларының көркем панорамасы қала көшелерінің ансамбльдік ұштасуын қалыптастырады әрі сақтайды. Бұлардан өзге, қаланың кәдуілгі желдетілуін қамтамасыз етеді және шулы ортадан қорғайды.
 

Жаңа құжатта салынатын үйлердің ыңғайлы орналасатыны, қолжетімділік қағидасына сай әлеуметтік және күнделікті пайдаланатын заттары бар нысандар салынатыны жазылған. Құрылыс компаниялары қала аумағында қала құрылысы мен биіктік регламентін сақтауға міндеттенеді", - деді Ахмеджанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.

 
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен "Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері" әзірленген. Құжат VII шақырылған қала мәслихатының кезектен тыс VI сессиясында қабылданған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны