14.01.2013, 12:56 6373

Жамбыл облысында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Жамбыл облысында төтенше оқиға орнында оқиғаның салдарын жою жөніндегі облыстық штабтың жұмысы жалғасуда, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Астана. 14-қаңтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облысында төтенше оқиға орнында оқиғаның салдарын жою жөніндегі облыстық штабтың жұмысы жалғасуда, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Кеше Қаратауда қала тіршілігін қамтамасыз ету, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (жылу, газ, су құбырлары желілері) нысандарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Атап айтқанда, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы Иуезов, Потанин, Молдағұлова көшелерін тазалады (3800 м жер мен 6 аула құлаған шатырлардың сынықтарынан тазартылды). Жөндеу бригадаларымен бірлесе отырып, орталық қазандықтың аумағы үйінділерден тазаланды, жеке құрамға арналған шатыр қалашығы жайылды.

Энергетика қызметі ВЛ-110 кВт (Л-114 және Л-115) нысанындағы апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Энергия нысандарына мамандарды жеткізу үшін "Нива МАРШ" автокөлігі қолданылса, учаскелерді түнгі мезгілде жарықтандыру үшін - арнайы жарықтандыру және байланыс көлігі, "РОСО" мемлекеттік мекемесінің, 28237 әскери бөлімінің, Алматы ТЖД "СПиАСР" мекемесінің жарық беру қондырғылары пайдаланылды.

"Қазақтелекомның" Жамбыл облыстық филиалының жедел тобы облыстық төтенше жағдайлар комиссиясының басшылығымен және мемлекеттік органдармен уақытша байланыс ұйымдастырды. Спутник жүйесі арқылы 8 нөмір, СДМА-450 терминалы арқылы 4 нөмірі берілді, Алтел операторының ұялы байланысы қалпына келтірілді.

Тараз қаласынан 14,6 т бензин және 10 т дизель отыны жеткізілді. Қаратау қ., орталық қазандығын электр қуатымен қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының құтқару қызметінен қуаты 800 кВт автономиялық генератор жеткізілді.

Түнде сағат 03.59-да "ЖЭС" ЖШС-нің ВЛ-114, ВЛ-115, ВЛ-116 жоғары кернеулі желілері бойынша бағандар орнатылып, "КЕГОК" компаниясының 220 киловольт ВЛ-222 желісімен "Қаратау-1" және "Қаратау-2" кіші стансаларына электр қуаты берілді.

Төтенше оқиғалардың салдарын жоюшыларға арналған 4 тамақтану қосыны құрылды. Тұрғындарға су таситын көліктермен су жеткізілуде.

Орталық аудандық ауруханадан 10 науқас Қаратау қаласының емханасына жеткізілді, қалған 25 науқас - Ақкөл селолық ауруханасына ауыстырылды (Қаратаудан 40 шақырым жердегі). Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы мекемесінің күшімен жергілікті 10 шақты тұрғынға психологиялық көмек көрсетілді.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының шешімімен қала тұрғындарына 7 тонна картоп, 3 тонна күріш, 1 тонна қант, 1 тонна сары май, 1 тонна пияз, 10 тонна ұн, сондай-ақ құрғақ паектар (600 мың теңгеге) жеткізілді.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 756 адам, 132 техника жұмылдырылды, оның ішінде 270 адам және 37 техника, 1 тікұшақ Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан атсалысты.

Табиғат апатынан зардап шеккен өңір көгілдір отынмен және сумен тұрақты қамтамасыз етіліп отыр. Орталық аудандық аурухананың, мектептер мен балабақшалардың қазандықтарында резервтік генераторлар қосылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны