25.05.2022, 16:16 26986

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қатысушылар үшін автосақтандыру туралы сұрақтарға ҚНРДА-да жауап берді

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қатысушылар үшін автосақтандыру туралы сұрақтарға ҚНРДА-да жауап берді
НҰР-СҰЛТАН. 25 МАМЫР - Автокөлік сақтандыруының ерекшеліктері туралы Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті директорының орынбасары Елена Филимонова айтып берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствода жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы іске қосылған алғашқы күндері оған қатысушыларда бірқатар сұрақтар, оның ішінде автосақтандыру тақырыбы бойынша сұрақтар туындағанын атап өтті. Осыған байланысты кейбір мәселелерді түсіндіру туралы шешім қабылданды.
 
Агенттікте қарыз шартын ресімдеу кезінде екінші деңгейдегі банктер, әдетте, жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасына қатысу үшін талаптардың бірі ретінде – сақтандыру ұйымымен автомобиль көлігін ерікті сақтандыру шартын жасасуды көздейтінін атап өтті. Автомобиль көлігін сақтандыру сақтандырудың ерікті түрі екенін білу маңызды. Осыған байланысты, сақтандыру талаптары мен тәртібі тараптардың, яғни сақтандыру ұйымының және қарыз алушының (сақтанушының) келісімі бойынша анықталады.
 

Банк заңнамасына сәйкес, егер қарыз беру туралы талаптарда сақтандыру шартын жасасу туралы талаптар көзделсе, банк қарыз алушыны сақтандыру ұйымын таңдауда шектеуге құқылы емес", - деп атап өтті Департамент директорының орынбасары.

 
Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымын таңдағаннан кейін қарыз алушы сақтандыру шартының маңызды талаптарына өзгерістер енгізуге ұсыныс жасауға және оларды сақтандыру ұйымымен бірлесіп айқындауға құқылы.
 
Агенттікте сақтандыру құжаты – бұл отбасылық бюджетті көзделмеген шығыстардан үнемдеу арқылы сізді және сіздің мүлкіңізді түрлі тәуекелдерден қорғаудың тәсілі екенін еске салды. Апат болған және автомобильге зақым келген жағдайда, сақтандыру құжаты апатқа кімнің кінәлі екеніне қарамастан, залалды өтейді. Сақтандыру шартында кепіл нысанасы болып табылатын автокөлікті ауа райы жағдайлары мен басқа да қолайсыз оқиғалар нәтижесінде болатын зақымданудан қорғау да көзделуі мүмкін. 
 

Осылайша, сіз автокөлікті сақтандыра отырып, сіз ол үшін кредит төлеп отырған уақытыңызда кепілге салынған автомобиль зақымдалады немесе істен шығады деп алаңдамасаңыз болады", - деп қорытындылады Елена Анатольевна.

 
ҚНРДА сақтандыру шартына қол қойғанға дейін болашақта өзіңізді ықтимал тәуекелдерден қорғау үшін және сақтандыру жағдайы басталған кезде қалай әрекет ету керектігі және қандай төлемге сенуге болатындығы туралы нақты түсінікке ие болу үшін оның талаптарын мұқият зерделеуді ұсынды.
 
Бұған дейін банктер жеңілдетілген автонесие алғысы келетіндер үшін міндетті талаптарды айтқан болатын.
 
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылғаннан бері Қазақстанда 35,7 миллиард теңге сомасына 4,8 мыңнан астам өтінім мақұлданды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны