29.04.2016, 16:15 4805

Жол жөндеу жұмыстарына 100 астам жұмыссыз қала тұрғыны тартылады

"Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында жұмыссыз жүргендер жұмыс істейтін болады. Бүгінгі таӊда конкурстық процедуралар жүргізілуде, ал мамыр айыныӊ соӊында жөндеу жұмыстарымен айналысатын компаниялар анықталады, содан кейін жұмыс берушілерге жұмысқа мұқтаж азаматтар жіберілетін болады

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында жұмыссыз жүргендер жұмыс істейтін болады. Бүгінгі таӊда конкурстық процедуралар жүргізілуде, ал мамыр айыныӊ соӊында жөндеу жұмыстарымен айналысатын компаниялар анықталады, содан кейін жұмыс берушілерге жұмысқа мұқтаж азаматтар жіберілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Мысалы, "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша жол салуға өткізілген конкурста жеӊіске жеткен компания Жұмыспен қамту орталықтарыныӊ жолдамасымен жұмыссыз жүргендердіӊ ішінен жұмыс істеу үшін 50% қабылдауға міндетті. Азаматтар өз келiсiмін бергенде ғана тиісті жұмыстарға жіберіледі. Содан кейін жұмыс берушілер әӊгімелесу кезінде олардыӊ кандидатурасын қарастырады. Жұмысшы мамандықтар бойынша тәжірибеніӊ болуы қажет емес, - деді Астана қаласы әкімдігініӊ Жұмыспен қамту орталығы талдау бөлімініӊ басшысы Марат Қадырбаев, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Жоспарға сәйкес, жұмыссыз жүрген 137 қала тұрғыны Иманбаева, Мұстафин, Отырар, Нәжімеденов көшелерінде және Абылай хан даӊғылында ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарына тартылатын болады.

Жалпы, биыл жұмыссыз жүргендердіӊ күшімен елордада 55 түрлі нысанды жөнделеді, сондай-ақ жол жөндеу жұмыстары да жүргізіледі, 1133 жұмыс орны құрылмақ. Салыстыру үшін, өткен жылы 10 жоба бойынша 144 жұмыс орны ашылды.

Астана қаласыныӊ әкімдігі Жұмыспен қамту орталығыныӊ мәліметінше, қазіргі кезде елордада 4597 жұмыссыз тіркелген, соныӊ ішінде 1998 адам жұмысқа орналастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны