29.07.2021, 20:02 10677

Олимпиаданың жетінші күні: ҚР құрамасының өнер көрсету нәтижелері

ТОКИО. 29 ШІЛДЕ - Қазақстандық спортшылар Токиода өтетін XXXII Олимпиада ойындарында бес спорт түрінен өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
29 шілде күні қазақстандық олимпадашылардың тағы бір тобы Алматыдан Токиоға ұшып келді. Делегация құрамында 44 адам бар, оның ішінде 23 спортшы, жаттықтырушылар, күрделі ғылыми топтардың мамандары мен әкімшілік қызметкерлері, деп хабарлайды Olympic.kz
 
Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Аманқұл өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездескен болатын. Жекпе-жек 5:0 есебімен аяқталды. Ширек финалда Әбілхан Аманқұл Бразилия елінің өкілі Эберт Консейса Соузамен қолғап түйістіреді. Кездесу 1 тамызға жоспарланған. 
 
Бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы алғашқы жекпе-жегін айқын басымдықпен ұтты. Қамшыбек 1/8 айналымда Египет елінің өкілі Есри Мұстафамен кездескен болатын. Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының бақылауымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер бірауыздан жеңісті Қоңқабаевқа берді. Қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы - Ресей олимпиадалық командасының өкілі Иван Верясов. 
 
Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин 1/8 финалға жолдама алды. 1/16 финалда қазақстандық Стив Вилжермен (Нидерланды) кездесті. Қорытынды есеп 6:4 құрады.
 
Теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына тізе бүкті. Олимпиаданың жартылай финалында Рыбакина әлемдік рейтингте 12-ші орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын. Тартысты кездесу 2 сағат 44 минутқа созылып, Бенчич 7:6, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ендігі кезекте Елена Рыбакина Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады. Оның қарсыласы Элина Свитолина (Украина) және Маркета Вандорушова (Чехия) арасындағы матчтан соң анықталады. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны