21.07.2022, 15:05 50651

Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды

Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды
Сурет: Sports.kz
АЛМАТЫ. 21 ШІЛДЕ - Тарихтағы алғашқы "алтын". Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем кубогын жеңіп алды.
 
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Нора Джеруто АҚШ-та өткен әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
 
Ол кедергілері бар 3000 метр қашықтықта үздік атанды. Финалда Нора Джеруто 8:53.02-та жүгіріп өтіп, чемпионаттың жаңа рекордын орнатты.
 
Бұл "алтын" әлем чемпионаты аясында қазақстандық жеңіл атлетика тарихында алғашқы жеңіс болып тіркеліп отыр.
 
Эфиопиялық спортшылар Веркуха Гетачев пен Мекидес Абебе сәйкесінше екінші және үшінші орындарды иеленді.
 
Ақпарат көзі: olympic.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны