12.05.2026, 20:09 241

Қазақстандық гимнастар Варнадағы Challenge Cup кезеңінде екі рет үздік бестікке енді

Қазақстандық гимнастар Варнадағы Challenge Cup кезеңінде екі рет үздік бестікке енді
Сурет: olympic.kz
Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды olympic.kz агенттігі.

Ат снарядындағы жаттығуда Роман Хегай 13,600 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Ал Зейнолла Идрисов 13,133 ұпаймен алтыншы нәтиже көрсетті.

Нуртан Идрисов сақиналардағы жаттығудың финалында 13,166 ұпай алып, бесінші орынды иеленді.

Қол тіреп секіру жаттығуының финалына шыққан Асан Сәлімов жарысты алтыншы орынмен аяқтады (13,583). Ал кермедегі жаттығуда Роман Хегай 11,233 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны