13.06.2018, 18:36 5549

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы FIFA 2018 әлем чемпионатыныӊ ашылу салтанатын ашық аспан астында көрсететін болады

Айта кетейік, 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресейде ФИФА-2018 футболдан әлем біріншілігі өтетін болады. ФИФА-ныӊ 21-ші әлем чемпионаты Ресей Федерациясыныӊ: Волгоград, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Мәскеу, Нижний Новгород, Ростов, Самара, Санкт-Петербург, Саранск және Сочи қалаларында өтеді.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan Today - 14 маусым күні сағат 19:30-да "Қазақстан" РТРК АҚ ұйымдастыруымен Қазмедиаорталығыныӊ Нұржол бульвары жағынан үлкен экранда FIFA -2018 футболдан Илем чемпионатыныӊ ашылу салтанаты мен Ресей-Сауд Арабия арасындағы алғашқы ойын көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, матч көрсетілімі басталар алдында "Астана" футбол клубыныӊ ойыншыларымен кездесу және жас футбол жанкүйерлеріне арналған шеберлік сағаты ұйымдастырылады. Еӊ белсенді деген жанкүйерлерге футболшылардыӊ қолтаӊбасымен доп сыйға берілетін болады. Көрермендерді одан басқа да қызықты байқаулар күтіп тұр.Футбол кешініӊ жүргізушілері Жансерiк Бейсеев пен Виктор Кирилюк.

Айта кетейік, 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресейде ФИФА-2018 футболдан әлем біріншілігі өтетін болады. ФИФА-ныӊ 21-ші әлем чемпионаты Ресей Федерациясыныӊ: Волгоград, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Мәскеу, Нижний Новгород, Ростов, Самара, Санкт-Петербург, Саранск және Сочи қалаларында өтеді.

Ал, FIFA-2018 футболдан Илем чемпионатыныӊ Қазақстандағы ресми хабар таратушылары "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары.

Сондай-ақ, FIFA 2018 әлем чемпионатыныӊ ойындарын AppStore және Play Marketсервистерінен "Qazaqstan TV" мобильді қосымшасын тегін жүктеп, көре аласыздар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны